Абай күніне қазақ тілі мен әдебиет ідістеме бірлестігі келесі шаралар өткізді: «Абай даналығы – халық даналығы» интеллектуалды ойыны 6 сынып,
«Абай – ұлы ақын» полиглот-викторинасы 5 сынып, «Абай мұрасы – халық мұрасы» шығармашылық кеші 9-сынып, «Абай Әлемі» презентациясы 8 сынып,
Викторина “Абай – Дара, Абай – Дана” 11 сынып,
«Ұлы Абай» презентациясы 10-сынып,
«Ұлы Абай» фильмінің презентациясы 7 сынып,
Презентация «Абай және Шәкәрім» 7 сынып.
Іс-шаралар қашықтық форматта өтті. Мұғалімдер балаларды Абайдың өмірі мен шығармашылығынан қызықты деректермен таныстырды. Алтыншы сыныпта мұғалім У.С. Баймұхамбетова балаларға онлайн режимінде тест беріп, оқушылардың алған білімдерін тексерді.
Оқытушы Медебаева Д.М., оқушыларға Абай өлеңдерінен республикалық байқауында 1-дәрежелі диплом алған 11-сынып түлегі Бабаева Сабинаның «Көзімнің қарасы» өлеңінің бейнеролигін ұсынды.
Сонымен қатар оқушыларға Абай үй-мұражайының, Абай-Шәкәрім кесенесінің бейне турлары, Абай мұражайы экспонаттары туралы ақпараттық бейнероликтер ұсынылды. Жалпы, қазақ тілі мен әдебиет әдістеме бірлестігінің мұғалімдері Абай күніне арналған барлық ұйымдастырылған шараларды тиісті деңгейде өткізді.