Қазақстан Республикасы Президентінің осы жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» азаматтардың жеке қабылдауын тоқтатты, қағаз жүзінде жұмыс жасауға тыйым салынды, әлеуметтік желілерде, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында және басшылар блогтарында халықтың өтініштеріне жедел ден қою жұмыстары күшейтілді.
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ болып жатқан эпидемиялық жағдайға байланысты ата-аналар мен педагогтарды өзіне және жақындарына қауіп төндірмеуге, короновирустық инфекциядан қорғау бойынша барлық шараларды сақтауға шақырады.
Сізді қызықтыратын білім беру саласында барлық сұрақтарға білім бөлімінің Instagram блогы (https://instagram.com/goo_kostanai сілтемесі) арқылы немесе білім бөлімі басшысының Facebook (https://www.facebook.com/ibraeva.aiman.goo сілтемесі ) ресми парақшасы арқылы түсіндірме алуға болады. Өтінішке байланысты қосымшаларды білім бөлімінің кеңсесі office@kst-goo.kz электрондық мекенжайына жіберуге болады.
Сонымен қатар, Қостанай қаласы білім бөлімінің сенім телефондары 54-30-07 немесе 39-08-50 нөміріне қоңырау шала аласыз.
Барлық түскен сұрақтар мен өтініштерге жауап электрондық түрде де жіберілетін болады, осыған байланысты, байланыс деректеріңізді (телефон, электрондық мекенжай) көрсету міндетті.