Өз тарихын есте сақта және мақтан ет

Алғыс айту күнін мерекелеу аясында жастардың азаматтық сезімін, өз Отанына деген сүйіспеншілігін, Қазақстан халқының тарихы мен мәдениетіне деген құрметін қалыптастыру мақсатында 28 ақпанда мектептің акт залында “Өз тарихын есте сақта және мақтан ет” атты салтанатты іс- шара өтті.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, бейбітшілік пен келісімнің салтанатты күні, соның арқасында Қазақстанда тыныштық пен үйлесім, өзара сенім мен құрмет орнаған.