Қауіпсіз мектеп автобусы

2020 жылғы 15 қаңтар мен 15 ақпан аралығында өткен «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясындағы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Бауыржан момышұлы атындағы №5 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде өткен іс-шаралар туралы ақпарат.
Бауыржан Момышұлы атындағы №5 орта мектепте «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында алдын-алу шаралары ұйымдастырылып өткізілді.
Сынып жетекшілері балалар жарақатының алдын алу мақсатында сынып сағаттарын ұйымдастырды. Оқушыларды қамту 100% құрады. Іс-шаралар түрлі нысандарда өтті: әңгімелер, АКТ-ны қолдана отырып ойындар.
Жол жүру ережелер бойынша бейнероликтер, мультфильмдер көрсетілді.
5-6 сынып оқушылары үшін «Мен жауапты жаяу жүргіншімін» сурет байқауы ұйымдастырылады.
Сыныптағы ата-аналар жиналысы барысында ата-аналарға балалардың жол-көлік оқиғаларының алдын-алу бойынша олардың жауапкершілігі туралы ақпарат берілді.