2020 жылдың 7 қаңтарында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының олимпиадасының III (облыстық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері салтанатты түрде марапатталды. Мектептегі үш оқушының екеуі «Қазақстан тарихы» пәнінен жеңімпаз атанды – Евгений Деткин, 11 «Б» сынып оқушысы, Утелбаева Мария, 9 «В» сынып оқушысы. Оқушылар 1 дәрежелі дипломдармен және медальдармен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!