Бауыржан оқулары – 2019

2019 жылдың 20 желтоқсанында дәстүрлі түрде Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі Бауыржан Момышұлы атындағы № 5 орта мектебінде Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Бауыржан оқулары» конкурсы өткізілді.Бұл іс-шара Ұлы Отан соғысының атақты жауынгері, аңызға айналған қолбасшы, халық батыры, көрнекті қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлының шығармашылығын насихаттау призмасы арқылы қатысушылардың Отанға, оның тарихи өткеніне сүйіспеншілік сезімін дарыту үшін бағытталған.
Бұл сайыстың басты мақсаты – Б.Момышұлының рухани мұрасына сүйіспеншілігін тәрбиелеу, гуманизм, демократия және азаматтыққа бағдарланған тарихи ойлау, тұрақты өмірлік көзқарасы, сана-сезімі және дүние танымын қалыптастыру
Бұл сайысқа қала мектептерінің дарынды оқушылары белсенді қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1.«Жас автор» – өзі ойлап шығарған өлеңдер конкурсы.
2.«Жас мәнерлеп оқушы» – Б.Момышұлы шығармасын мәнерлер оқу конкурсы.
3.«Суретші-иллюстратор» – Бауыржан Момышұлы шығармасына иллюстрацияларды суреттеу.
4.«Жас оператор» – Конкурсқа Б.Момышұлы шығармасы бойынша буктрейлер жасау.
Келген қатысушыларды мектеп мақтанышы – кадеттер қарсы алды. Акт залында салтанантты концерт көрсетіліп, қонақтардың назарына кадеттер мектепте алған әскери дайындығын ортаға салды. Келген қонақтарға мектеп директоры Исетова Б.К. сәттілік тілеп, құттыттау сөзін айтты. Сайыс соңында аталған номинациялар бойынша женімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталды және дайындаған мұғалімдерге алғыс хат тапсырылды. Барлық қатысушыларға ынталандыру мақсатында сертификат берілді. Сайыс сапалы дәрежеде өтті.