Жыл сайын үш тілді білім берудің Жол картасын жүзеге асыру аясында біздің мектепте мемлекеттік тілді білмейтін мұғалімдер үшін “Мемлекеттік тілді оқыту” үйірмесі жұмыс істейді. Осы жылдың қыркүйек айында бұл сабақтар қайта басталды. Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік тілді үйрену өзекті және өте қажет. Біз сабақтарымызда әр түрлі тақырыптарға монологтар мен диалогтар құруға көп көңіл бөлеміз – мысалы: “менің отбасым”, “мамандық”, “ауруханада”, “дүкенде” және т. б. Адам сұрақтарға еркін жауап беріп, мәтінді оқып, түсінуі қажет. Сөйлеуді үйрену үшін сөздік қоры кем дегенде бір жарым мың сөз болуы керек. Сондықтан сабақта біз жаңа сөздерді, сөз тіркестерін зерттеуге көп көңіл бөлеміз.
Курс оқытушысы: Досумова Г. Т.