Құрметті ата-аналар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Ата Мекенім» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен www.atamekenim.kz порталында «Мектепке жол» платформасын құрды, онда көмекке мұқтаж ата-аналар өтініштерін қалдыра алады.
Өз кезегінде, демеушілер мен меценаттар онлайн-ақша аударымы арқылы осы порталда көмекке деген өтініштерін орындай алады. Бұл платформа жыл бойы жұмыс істейді.
Ата-аналардан немесе оларды  алмастыратын адамдардан платформаға келіп түскен өтініштер Ұлттық білім беру дерекқорымен тексеріледі, содан кейін көмек мекен жай бойы таратылады.
Сонымен қатар дәстүрлі көмек көрсету әдістері жалғасатын болады.
Жәнеде  балалардың құқықтарын бұзу фактілері бойынша жедел әрекет ету және шара қолдану үшін Telegram мессенджерінде «BALA QORǴAÝ» («https://t.me/bala_qorgau») чат құрылды.

«Мектепке жол» платформасын толтыру бойынша іс-қимыл алгоритмі
Қадам. Мекенжай өрісінде www.atamekenim.kz теру қажет

  1. Қадам. «Мектепке жол» қойындысын таңдау
  2. Қадам. «Өтінім беру» қойындысын таңдау және алаңдарды толтыру.