Хабарландыру

Ата-ана назарына!

“Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі Бауыржан Момышұлы атындағы 5 орта мектебі” ММ мектеп Жарғысына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде 5-ші кадет сыныбына (қыз бен ер балаларды) 2019 – 2020 оқу жылына байқау негізінде қабылдаймыз деп хабарлайды.
Байқаудың іріктеу кезеңіне қатысу үшін келесі құжаттарды мектептің қабылдау кабинетіне 2019 жылдың мамыр айының 28 – не дейін тапсыру қажет:

1. Байқаудың іріктеу кезеңіне қатысу үшін өтініш хат.
2. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 086-у қорытындысында кадет сыныбында оқуға жарамды).
3.Жетістіктер портфолиосы.
Конкурс емтихандары 2 кезең бойынша өткізіледі:
1) 29 мамыр 2019 жылы математика – бақылау жұмысы, қазақ тілі (орыс тілі) – диктант, психология – тест.
2) 30 мамыр 2019 жылы – дене шынықтыру бойынша емтихан.
Барлық сауалдар бойынша мектеп əкімшілігі – ОТЖ жөніндегі директордың орынбасарлары Тихонова Л.В., Казиева А.А. жүгінуге болады.
Байланыс телефоны: 8 (7142) 57 – 81 – 76

КАДЕТ СЫНЫБЫНА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ  (5 сынып)

Кадет сыныбы негізгі жалпы білім бағдарламасы мен профильді пәндер бойынша қосымша дайындықты жүзеге асырады.

Кадет сыныбына құжаттарды қабылдау төменде аталған құжаттарды сынақтан өткізу және жан-жақты бағалау арқылы конкурс негізінде өткізіледі.

  1. Кадет сыныбына бастауыш мектебінің 4 сыныбын табысты бітірген ер балалар мен қыз балалар қабылданады.
    2. Кадет сыныбы оқуына түсу алдында сынақ келесі пәндер бойынша өткізіледі:

Мемлекеттік тілде оқытатын сыныпта оқу үшін:
Қазақ тілі – диктант
Математика – бақылау жұмысы,
Дене шынықтыру  –  дене дайындығы бойынша тест
Психологиялық тест;
Орыс тілінде оқытатын сыныпта оқу үшін:
Орыс тілі – диктант
Математика – бақылау жұмысы,
Дене шынықтыру  –  дене дайындығы бойынша тест
Психологиялық тест;

3. Өтініш 2019 жылдың 20 – 28 мамыр айы аралығында қабылданады (құжаттарды соңғы қабылау күні 28 мамыр 2019 ж.).
4. Кадет сыныбы оқуына түсу емтихандары:
29 мамыр 2019 ж. – математика, қазақ тілі, орыс тілі, психологиялық тест.
30 мамыр –  дене дайындығы бойынша тест.

5. Конкурс бойынша іріктеу үшін қажетті құжаттар:
1. Ата-ана немесе заңды өкіл өтініші.
2. ЖСН нұсқалған туу туралы куәлік көшірмесі.
3. Үлгерім табелі (мектеп директоры қол қойып, растаған және мөрі бар табель көшірмесі).
4. Тұрғылықты орны туралы, отбасы құрамы туралы анықтама.
5. Медициналық анықтама (086 форма).
6. Мектеп директоры растаған психологиялық-педагогикалық мінездеме.
7. Жетістіктер портфолиосы.
8. Сауалнама (өтініш берілгенде толтырылады).

 Барлық құжаттар папкаға салынады.

№5 орта мектебінің әкімшілігі