Кадетке қабылдау рәсімі

Желтоқсан айының 14 – ші жұлдызында 5 «Е» және 5 «Б» сыныптары үшін кадетке қабылдау рәсімі болды. Салтанатты іс-шара Қостанай қаласындағы балалар шығармашылық үйінде өткізілді. Іс-шараға мектептің барлық кадеттері мен сырттан қонақтар, соның ішінде ұлы Отан соғысының ардагерлері де қатысты. Олар өздерінің жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.

Кадетке қабылданатын оқушылар өздерің 4 ай ішінде үйренгендерін жақсы деңгейде көрсете алды. Соның ішінде: дұрыс адымдау, автоматпен әр-түрлі трюктерді жасады. Аталған іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.