“Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз”

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік іс-шара

Мақсаты: Қазақстан Республикасында орналасқан халықтардың мәдени мұрасы туралы оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету, өз елінің салт-дәстүрін білу, ұрпақ сабақтастығы сезімін дамыту. Отанға деген сүйісеншілік, бірлік, ұлтжандылық сезімдері мен Қазақстанда тұратын барлық халықтарға құрмет сезімін тәрбиелеу. Тәуелсіз еліміздің білімді, адал, өнегелі, алғыр азаматтары болуға баулу.

10 желтоқсан күні мектепте Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс – шара өтті. Сонымен қатар Республикалық  «Жас Ұлан»  бірыңғай  балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымына  қабылдаудың  салтанатты  мерекесі өтті. 5 сыныптардың арасында 15 оқушы Жас Ұлан қатарына кірді. Оқушылар арнайы Жас Ұлан белгісі бар галстуктар киді. Мерекеге қатысушылар арнайы дайындық жасап жақсы шығармашылық нөмерлер көрсетті(би, ән) Мереке барысында Жас Ұландықтар Өз әнұранның, ұраның айтып, ант қабылдады.

Сонымен қатар 7 желтоқсан күні қалалық Жас Ұлан қатарына қабылдау өтті. Бұл іс – шара спорттың күштік  түрлері академиясында өтті.  Біздің мектептен осы салтанатты қабылдауға 5 оқушы қатысты.