«16 күн зорлық-зомдылықсыз әйелдермен қарым-қатынас»
Республикалық акциясы
«16 күн зорлық-зомбылықсыз әйелдермен қарым-қатынас»
Республикалық акциясы
25 қараша-10 желтоқсан арасында мектепбімізде 16 күн зорлық-зомбылықсыз әйелдермен қарым-қатынас акциясы өткізілді. Аталмыш акция аясында жоспар құрылып, жоспар бойынша мектеп ұжымынан іш-шаралар атқарылды.
Мақсаты:
Зорлық –зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы түсіндіру. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Оқушыларымызды жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстатып, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. Ата-ананы сыйлауға, ана жүрегіне жол табуға баулу.
Оқушылар арасында мектеп педагог-психологары 5-11 сыныптар арасында: «Зорлық–зомбылық түрлері», «бақытты балалық шақ», «зорлық кезінде не істеу керек?» тақырыптарына лекция, тренинг-сабақтарын жүргізілді. Мектеп инспекторы мен әлеуметтік-педагог бірлесіп оқушылар үйлеріне рейд жұмысы жасалды. Арнайы жадынамалар таратылды.