Тәуелсіздік-ел тірегі

Қараша айының жетісі күні «Құрылысшы» кітапханасында, кітапхана ұжымы басшылығымен «Тәуелсіздік-ел тірегі» тақырыбында әдеби сазды кеш өткізілді. Біздің мектебімізден 9 К сынып оқушылары және «Нұр әуен» студиясы жетекшісі Жасұлан Нұржанұлы өзінің шәкірттерімен қатысты. Кеште тәуелсіздік туралы өлеңдер оқылып, бейнефильм көрсетілді. Жасұлан Нұржанұлы  шәкірттерімен күйлер мен әндер орындады.