“ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ”РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы 4-6 наурызда Алматы қаласында “Shera Inn Hotel” кешені базасында “Педагогикалық идеялар фестивалі”республикалық байқауы өтті.
Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлері түрлі номинациялар бойынша дипломдармен және грамоталармен марапатталды. Біздің мектепті Көркем еңбек мұғалімі Бектасов Бауыржан Аргынгельдинович “Ашық аспан астындағы мұражай” жобасымен таныстырды. Бұл жоба республикалық фестивальде 2 орын алды.