Технология және эстетикалық цикл пәндері мұғалімдерінің ӘБ

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы “Қостанай қаласының білім бөлімі” ММ жұмыс жоспарына сәйкес 03.11.2022 жылы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектебі” КММ базасында “Заманауи педагогикалық технологиялар арқылы көркем еңбек сабақтарында білім алушылардың зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру” тақырыбында көркем еңбек мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің қалалық отырысы өтті. Отырысты тарих және география және көркем еңбек секторының басшысы Ерденова Багытнур Егизбаевна ашты. Теориялық бөлімде Көркем еңбек мұғалімі О. В. Бондареваның “Сыни ойлау арқылы көркем еңбек сабақтарында білім алушылардың зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру” тақырыбындағы жұмысының тұсаукесері ұсынылған. Практикалық бөлімде Көркем еңбек мұғалімі Купфер А. В. “Жүннен ойыншықтар жасау”, эстетикалық цикл ӘБ басшысы, көркем еңбек мұғалімі Б. А. Бектасов “Сәндік сауыт жасау” мастер-класс көрсетті. Отырыс соңында директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Т.В. Лукашина және көркем еңбек мұғалімі К. М. Сактаганова рефлексия өткізді.