28 қыркүйекте Мұғалімдер күнін мерекелеу қарсаңында “Мирас” қалалық мәдениет үйінде қала мұғалімдерін марапаттау рәсімі өтті. Қала әкімінің грамотасымен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі” КММ көркемдік еңбек мұғалімі Бектасов Бауыржан Арғынгелдіұлы марапатталды.
Бауыржан Арғынгелдіұлы-шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім. Оның басшылығымен білім алушылар қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі конкурстарға белсенді қатысады және жүлделі орындарға ие болады.