2023 жылғы 23 қаңтарда орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 9 сынып оқушылары арасында “Слабое звено” ойыны өтті. Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, зияткерлік қабілеттерін, зейінділігін, қызығушылығын, тапқырлығын дамыту. Ойынға 8 ойыншы қатысты. Ойын ережелері танымал телешоумен бірдей. Әр раундтан кейін дауыс беру өткізілді, онда әр ойыншы парақшаға ойыннан кететін адамның атын жазады. Ойын қызықты өтті, балалар белсенді қатысты.