Орыс тілі және әдебиет мұғалімдерінің ӘБ

“Балауыз мұражайы”

25 қаңтарда орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 7 –сынып оқушыларына арналған “Балауыз мүсіндер мұражайы”атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Орыс тілі мен әдебиеті кабинетінде балауыз мұражайының көрме залы орналасқан. Мұражайға бару үшін 7 сынып оқушылары шақырылды, оларды кіре берісте экскурсовод қарсы алды. Әр топқа сұрақтарға жауап беру үшін маршрут парағы берілді. Тапсырмаларды орындағаннан кейін жауап парақтары мұражай ұйымдастырушыларына тапсырылды, іс-шараның нәтижелері орыс тілі мен әдебиеті онкүндігінің жабылуында жарияланады. Бұл іс-шара оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарына сәйкес келді, көркем әдебиетке деген қызығушылықтың артуына, орыс және шетел әдебиетінің шығармаларын зерттеудегі танымдық белсенділіктің дамуына ықпал етті.