Орыс тілі және әдебиет мұғалімдерінің ӘБ

16-27 қаңтар аралығында Б.Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектепте орыс тілі мен әдебиетінің онкүндігі “Языка нашего небесна красота…” ұранымен басталды. Онкүндіктің ашылуы 5-11 сынып оқушыларына арналған “Орыс тілі мен әдебиеті жолдарымен саяхат” квестінен басталды. Іс-шараға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ю.А. Кульшина мен А. А. Исенова жауапты болды. бұл квестте балалар кьюар кодтарымен жұмыс істеді, жұмбақтарды шешіп, олардан кілт сөздермен кроссворд жасады. Іс-шараға барлық сыныптар белсенді қатысты. Квест қорытындысы онкүндіктің жабылуында жарияланатын болады. Барлығына сәттілік тілейміз.