17 қаңтарда 7-9 сынып оқушыларына арналған орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында мұғалім Кульшина Ю.А. жерлес ақын, “Ковчег” Өңірлік әдебиет бірлестігінің үйлестірушісі, Солтүстік Қазақстан әдебиетшілер қауымдастығының мүшесі, философ, мәдениеттанушы Евгений Викторович Демидовичпен шығармашылық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу жылы атмосферада өтті, ақын өзі туралы айтып, өлеңдерін оқыды. Оқушылар жерлес ақынның поэзиясына қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Ақынға алғыс ретінде алғыс хат табыс етіліп, жалпы фотосурет түсірілді. Біз одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз.