Вокалдық-театр үйірмесінің жетекшісі
бос орынға конкурс жарияланады
1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Мекенжайы: Қостанай қаласы Бородин к-сі, 221,
телефоны: 578176
электрондық пошта: osh5@kst-goo.kz
2.Бос лауазым: вокал-театр үйірмесінің жетекшісі, 1 ставка
Лауазымдық міндеттері:
Театр (музыка, хор, Хореография) үйірмесінің жұмысын басқарады, үйірме жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге, ұйымдастырушылық-шығармашылық іс-шараларды өткізуге қатысады. Актерлік шеберлік, сөйлеу техникасы, көркем сөз, дауыс қою, вокалдық партияларды жаттау, сондай-ақ тақырыптық бағдарлама бойынша топтық және жеке сабақтар өткізеді. Үйірме қатысушыларының концерттерде және спектакльдерде өнер көрсетулерін ұйымдастырады. Әдістемелік кабинеттің жұмысына жаппай қойылымдарды, тақырыптық кештерді, театрландырылған мерекелерді, карнавалдарды, халықтық мерекелерді ұйымдастыру және өткізу бойынша қатысады..
3. құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.08.2022 – 26.08.2022 / қоса алғанда/
4. 1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТС) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
5. Педагог лауазымының бос мерзімі: тұрақты