Мектептегі лауазым

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімнің уақытша бос орынға конкурс жарияланады
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Мекенжайы: Қостанай қаласы Бородин к-сі,  221,
телефоны: 578176
электрондық пошта: osh5@kst-goo.kz

  1. Уақытша бос лауазым / декреттік демалыс уақытына/: орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, 20 сағат
    лауазымдық міндеттері: оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады, сабақ кестесіне сәйкес сабақтар мен басқа да сабақтар өткізеді, оқу тоқсанына сыныптардың әрбір параллелінде пән бойынша тақырыптық жұмыс жоспары және әрбір сабаққа жұмыс жоспары болады.
    еңбекақы: тарифтік мөлшерлемеге сәйкес
  1. Білім алушыларды оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасы негізінде оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады.
  2. құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.07.2022 – 12.07.2022 /қоса алғанда/
  3. 1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТС) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

  1. Педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі: декреттік демалыс кезеңіне