Бауыржан Момышұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектебінде 07 наурыз күні, қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімдері Ахметбекова А.А., Ибраева Г.Б. апталық жоспарына сәйкес, «Қыз – ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауын өткізді.
Қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт -дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелей отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту мақсатында өткен сайысқа 9-10 сынып қыздары қатысты. Байқау шарты бойынша қыздарымыз:
- «Мен қазақтың қызымын»
- «Өнерлі өрге жүзер»
- «Бармағынан бал тамған»
- «Бәйге» кезеңдері бойынша бақтарын сынады.
Сайыс барысында қыздар өзін-өзі таныстырып, білімдерін көрсетті. Әрбір сайыста өздерінің белсенділіктерін, тапқырлықтарын, жауапкершіліктерін көрсете білді. Қатысушы арулар өздерінің ән айту, би билеу, мәнерлеп оқу және актерлік шеберліктерін паш етті. Байқауға қатысқан арулар, үлкен дайындықпен келіп, көрермендердің қошеметтеріне ие болды.
Байқаудың шартына сай әрбір қатысушы «Мен қазақтың қызымын» кезеңінде өздерін сөзбен, өлеңмен, әнмен шебер таныстырып шықты. «Бәйге» қазағымыздың салт – дәстүрлері бойынша бөлімінде қыздарымыз енші, көрімдік, ерулік байғазы, бастаңғы деген дәстүрлерді толық мағынасын аша білді. «Өнерлі өрге жүзер»атты кезеңде бойындағы асыл қасиеттерін бірі көркем сөзбен, бірі өлеңмен, енді бірі әнмен жеткізіп өз таланттарын барынша ашып, қазақ қызының өнерлі де өжет мінезін көрсетті.
«Бармағынан бал тамған» кезеңі өте қызық өтті. Сайыскерлер өз асүйлерінде торт, тәтті бәліш, ұлттық тағам әзірлеу барысынан бейнеролик түсіріп, қазылар алқасына көрсетті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар келесі номнацияларға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды.
«Өнерлі ару» номинациясына – 9 «А» сынып оқушысы Жанбуршинова Мадина.
«Инабатты ару» номинациясына – 9 «Д» сынып оқушысы Альтиева Аружан
«Сымбатты ару» номинациясына – 9 «Г» сынып лқушысы Ергалиева Данара
«Зерделі ару» номинациясына – 10 «Б» сынып оқушысы Алибаева Махаббат иеленді. Сайыс өте қызықты өтті.