Қазақ тілі мен әдебиет онкүндік шеңберінде 06.03.2023 жылы 11 сынып оқушылары мен ұстаздар арасында «Әдеби кеш» зияткерлік сайысы өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдері А.А. Шарипбаева, Р.Т. Муздибаева сайысқа қатысушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатымен өткізілген іс шара жоғары деңгейде өтті. «Әдеби кеш» 4 кезеңді қамтыды.
1 кезең – «Бәйге»
2 кезең – «Суреттер сөйлейді»
3 кезең – «Тіл өнері»
4 кезең – «Әңгіме қойылымы»
Оқушылар мен ұстаздар 3 топ – 3 ауыл болып бөлінді. Сайыс барысында өз білімдерін ортаға салып, белсенді қатысып отырды.
Әр топ қатысушылары сұрақтарға жауап, мақал-мәтелдерді үштілге аударып, қойылым көрсетіп, туған елінің тілі мен әдебиетіне деген қызығушылықтарын оятып, отансүйгіш сезімдерін қалыптастырды.