Космонавтика күні

12 сәуір Космонавтика күні – адамның ғарышқа тұңғыш ұшуына, Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлеріне арналған есте қаларлық күн.
Мектеп кітапханасында «Ғарышты бағындырған адамдар» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрме астронавтика тарихымен және біздің күндердегі Жерге жақын ғарыштың дамуымен таныстырады. Онда ұсынылған кітаптар мен мақалалар ғарышкерлердің өмірінен, олардың күнделікті қызметі мен ерліктерінен, ғарыштық техниканың дамуы туралы қызықты деректерді білуге көмектеседі.
Кітапханашылар 5-сынып оқушылары арасында бейнефильмдер көріп, викториналық әңгіме жүргізді. «Ғарыштық қашықтық» челленджіне 5 «Б2» сыныбының қыздары Карабасова Томирис, Магауил Дарина, Федоренко Злата қатысты.