2022 жылдың 16 наурыз күні Б.Момышұлы атындағы № 5 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерінің онкүндігі аясында Наурыз мейрамы қарсанында « Алас күні» атты мерекесі өтті. Мерекенің мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Наурыз мерекесіне орай 7-ші сынып аралығында баталар сайысы өтті. Сайыста жеңіске жеткен оқушылар: 7 «В»сынып оқушылары Щербинин Максим және Шакубаев Данияр, 7 «Б1» сынып оқушысы Тлеубаев Диас, 7 «Б2» сынып оқушысы Метенов Дидар. Мерекенің ажарын мектептегі 6 «Б1» сынып оқушысы Бурда Матвей өзінің тамаша вокалмен тәнті етті, сонымен қатар «Күмбірле домбыра» үйірмесінің оқушылары: Дарбаева Камилла 6 «Б2», Жаугашева Мадина 8 «Г», Руднев Илья 7 «Б1» және үйірменің жетекшісі Нурмагамбетова Карлыгаш Зинельмусанеповна қатысты.