Наурыз күні айтылатын өлең-жырлар

     2022 жылдың 15 наурыз күні Б. Момышұлы атындағы №5 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерінің онкүндігі аясында «Наурыз күні айтылатын өлең-жырлар» атты сайыс өткізілді.  Сайысқа 6 сынып оқушылары қатысты.  Наурыз жыры – Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиеті түрлерінің бір саласы. Жыр-өлең осы күнге лайықталып, мадақтау, тілек, бата, әзіл түрлерінде айтылады. Оның түрлері халық арасында бұрынғы, соңғы ақындардың шығармалары да көптеп саналады.  Сайыс барысында жеңімпаздар да анықталды. 1 жүлделі орынды 6 «А» сынып оқушысы Бондаренко Анастасия,  2 орынды 6 «Д» сынып оқушысы Беланова Ольга,  3 орынды 6 «Е» сынып оқушысы Гумбатова Самира иеленді.