“Жас ұлан” Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 5 сынып оқушыларын қабылдау салтанатты рәсімі

31 Қаңтарда Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің қабырғасында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған “Жас ұлан” Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 5 сынып оқушыларын қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Ұйымның мақсаты өскелең ұрпақты, Отан патриоттарын Қазақстан халқына, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген сүйіспеншілік пен адалдық негізінде тәрбиелеу болып табылады. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: “Тәуелсіздік-қазақстандық мемлекеттіліктің берік тірегі. Тарихы бай, тамыры терең Қазақстан үшін бұдан артық құндылық жоқ. Сондықтан біз ата-бабаларымыз армандаған Тәуелсіздігімізді бағалаймыз.
Жас, жасұландықтарды құттықтаймыз!