Қазақ өкілдерінің көсемі

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ағартушысы, лингвист,  ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист.

Ол араб графикасы негізінде қазақ жазуын реформалап, оны шетелде тұратын миллиондаған қазақтарға пайдалануға мүмкіндік берді.
“Б.Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп” кітапханасында «Қазақ өкілдерінің көсемі» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрмеге 5-7 сынып оқушылары қатысты. 7 “В” сынып оқушысы Камиля Бузовкина “Шал мен ажал” өлеңін оқыды, 7 “Б2” сынып оқушылары челлендж қатысушылары Исмағамбетова Ғалия, Баймағамбетова Аруана балаларды ақынның өмірбаянымен, оның «Қарға мен түлкі» мысалмен таныстырды. Биылғы жыл Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойы – Ақынның туғанына 150 жыл.