Пиротехниканы пайдалану кезіндегі қауіпсіздік қағидалары

🎄Жаңа жылдық мерекелер-бұл дегеніміз мерекелік көңіл-күй, жарық шамдар, қуаныш, күлкі, көңілді және ертегіні күту. Балалар петардаларды жарып, отшашу шашады, ересектер «артиллерияны» байыпты қолданады.
🤦‍♀️🤦‍♂️Мерекелерде пиротехниканы қолданудан болған күтпеген күйіктер мен басқа да жарақаттарды алмау үшін, сондай-ақ өрт сөндірушілерді шақыруға мәжбүр болмас үшін, бірқатар қарапайым ережелерді есте сақтау және отқа жауапкершілікпен қарауды ұмытпау керек.
‼️‼️‼️Келесі қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды:
🧨Жаңа жыл үшін пиротехниканы осындай қызметке қажетті барлық рұқсат құжаттары және тиісті өнімге арналған сапа сертификаттары бар сатушылардан ғана сатып алуға болады.
🎇Фейерверктерді пайдалану алдында пиротехникалық бұйымды қолдану нұсқаулығын мұқият зерделеу қажет.
🧨Балалар кез-келген пиротехникалық бұйымдарды қолданған кезде екі есе абай болу керек және мұны ересектердің қатысуымен жасау керек.
☎️Өрт, төтенше жағдай болған жағдайда «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалуды ұмытпаңыздар. Сақ болыңыздар, мерекені бұзбаңыздар!