2021 жылдың 1 маусымында мектепте «Өмірге қолыңды соз!» атты аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша акциясы өткізілді. Бұл акция педагог-психолог, аға тәлімгер және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының жетекшілігімен, 8 «Б1», 8 «Б2» кадет сыныптарының қатысуымен өтті. Акцияға қатысушылар сағат 10.30-да психологиялық сауаттылықты арттыру және облыстық психологиялық қолдау Орталығының жұмысы туралы ақпараттандыру мақсатында кәмелетке толмағандар мен ересектерге парақшалар мен брошюралар тарату үшін мектептен тыс шықты. Акция соңында педагогтар мен оқушылардың қатысуымен флеш-моб өткізілді.