Lesson Study –сабақты зерттеу әдісі

Рефлексиялық есеп

Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. LessonStudy – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Studyді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және оқуды талдауын көздейді.
Коучинг тақырыбы «Lesson Study –сабақты зерттеу әдісі» болды.
Коучинг  мақсаты:Мұғалімдерге оқушыларды зерттеуге, қызығушылығын арттыруға, білім сапасын көтеруге, мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуға, бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік беретін педагогикалық тәсіл туралы түсінік беру. Мұғалімдерді болашақта мектебімізде Lesson Study-сабақтарын ұйымдастырып, өткізуге ықпал ету.
Күтілетін нәтиже: Мектеп ұстаздары Lesson study –ді  әдісі туралы түсінік  қалыптасады, әріптестер талқылайды және іске асырады
Коучингке барлық ұжым қатысты.Коучинг басында қатысушылардың бір-бірімен сәлемдесуі,  аудиторияда психологиялық  жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында «Амандасу» тренингін өткіздім. Қатысушыларды  түс арқылы алты топқа бөлдім. Тақырыпты ашу үшін «Мюнстенберг әдісі» қолдандым.Миға шабуыл арқылы   интерактивті тақтадан «Команда құру жайлы» (Мультик про мотивацию в команде )  мағыналы мультфильмі көрсетілді. Қатысушылар  өз ойларын түйіндеді. Ақпарат беру арқылы қатысушыларға «Lesson Study» әдісі туралы жалпы түсінікті мәтінді оқып шығуға берілді (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 80 бет).Осы ақпаратты оқи отырып «Lesson Study» әдісін түсінді. Практикалық кезең барында әр топ «Дана үкі »  әдісі арқылы жұмыс жасады. Топтық  жұмыстарды берілген тапсырма бойынша орындады. Әр топ Lesson Study туралы постер дайындады және топтан бір адам  шығып өз жасаған жұмыстарын қорғады. Барлық топтар бір-бірін бармақ арқылы бағалау жүргізілді.

Lesson study – өткізіп жатқан мектептің іс-тәжірибесінен видеоролик көрсетілді. Бейнежазбаны мұқият қарап,  өз ойларын, пікірлерін айтты. Сергіту сәті «көңілді күн» тренингін өткіздім. Бұл тренингке әріптестерім өте қызығушылықпен қатысты. Келесі тапсырма Lesson Study  бойынша сабақ жоспарын құру берілді. Әр топқа А,В,С-тапсырмалары берілді. Берілген тапсырма байланысты  әр топ өз  деңгейі бойынша орындау арқылы түсінді.
Келесі тапсырма  «Сабақ зерттеу» бойынша бірлескен жұмыс жүргізу ережесін құруға берілді. Әр топ  өздерінің «Сабақ зерттеу» бойынша ережесін құрды. Ұнаған топтың постеріне қолдарындағы стикерьлерді жапсыру арқылы бағалайды. Ең көп жұлдызша жинаған топтың пікірі нақтырақ және көңілге қонымды болды. Әріптестер осы бейнежазба көру «Все свох руках» арқылы  барлығы өз қолымызда екенін түсінді.  Коучингтің соңына қарай қатысушылар саусақтарды салып, оларға не біліп-үйренгендерін жазды.

Қорытындылай келе мен өз әріптестеріме қолдау көрсету арқылы әріптестеріме  болашақта тек тынымсыз еңбек пен үздіксіз ізденістер күтіп тұрғаны белгілі. Сондықтан көшбасшы мұғалім ретінде әріптестеріме  іс-тәжірибелеріне «Lesson Study» әдісін үйрете отырып, өзгеріс енгізе алатыныма және оны іс жүзінде дәлелдей алатыныма  кәміл сенемін.

        Коуч:  Кокеева Амангуль Сабиржановна  тарих пәні мұғалімі