Оқу мектебі жобасы біздің заманымыздың сын-қатерлеріне жауап ретінде құрылды: көркем әдебиетке деген қызығушылықтың төмендеуі, оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі, компьютерлік ойындар мен телешоуларға тәуелділік.
Біздің мектепте балаларды кітап оқуға баулу үшін акциялар мен іс-шаралар өткізіледі. Акцияларға кітапханашылар, мұғалімдер, 5-6,7-8 сынып оқушылары белсенді қатысты.
Бір апта ішінде «Сүйіспеншілікпен кітаптар беру» буккроссинг, «Макулатура тапсыр,жаңа кітапқа өмір сыйла» акциялары, «Оқырман отбасы» фотоконкурсы
өткізіледі.