Рудный инженерлік институты

Рудный инженерлік институты 11 сынып оқушыларына арналған ZOOM платформасында 2021 жылдың 20 сәуірінде Ашық есік күнін өткізді.
Онлайн конференцияда институтпен тек оқытушылар ғана емес, студенттер де таныстырды. Институт бакалавриаттың 32 Мамандығы және магистратураның үш мамандығы бойынша мамандар дайындайды. Институтта оқу гранттары бар, ақылы негізде оқу ақысын төлеудің икемді кестесі жасалған. Басқа қаладан келген студенттерге тренажерлары, интернеті бар жатақхана беріледі. Институтта қызығушылық клубтары жұмыс істейді. Сондай-ақ, ҚР-да ғана емес, басқа да мемлекеттерде оқу кезеңінде студенттермен алмасу бағдарламасы бар.
Әр факультет студенттерге оқытылатын мамандықтар туралы айтып берді.
РИИ бітіруші сынып оқушыларын оқуға шақырады. Институт тек жақсы білім беріп қана қоймай, бәсекеге қабілетті түлектерді де дайындайды.