Дебаттар

«Бауыржан ұрпақтары” дебат клубы

№5 мектепте 2021 жылдың 2 ақпанынан бастап “Бауыржан ұрпақтары”дебат клубы жұмыс істейді.Дәстүр бойынша қыркүйек айының басында пікірсайыс клубының президенті сайланатын жиын өткізіледі. 2021-2022 оқу жылына дебат клубының президенті болып Нурманова Дариға тағайындалды, кадет 11″Б” сынып. Орыс лигасының үйлестірушісі Бекешев Даниал 10 сынып оқушысы.
Әр апта сайын сейсенбі және сенбі күндері біздің клуб жиындары өтеді.
Біздің пікірсайысшыларымыз қазақ, орыс лигаларындағы қалалық, облыстық турнирлерге қатысады. Айта кету керек Маскат Тусова ол екі тілдік лигада ойнайды.

2022 жылдың 28 қаңтарында “Ұшқыр ой алаңы”республикалық дебат турнирінің облыстық қашықтық кезеңінің қалалық кезеңі өтті.

📌Турнирге “Оратор” командасының спикерлері Назымбеков Алишер, Гафарова Карина қатысты.
Алдағы уақытта табыс тілейміз!