«Табиғатты аялайық!» викторинасы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының « Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектебі» КММ жоспарына сәйкес «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі» онкүндігіне арналған 2021 жылдың 15 наурызында Жайлау күніне «Табиғатты аялайық!» атты викторинасы өтті. Оған алтыншы сынып оқушылары қатысты. Викторина қашықтықтан өткізілді. Балалар викториналық сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысты. Іс-шара көңілді әрі қызықты өтті.
Викторинаның қорытындысы бойынша келесі орындар берілді:
1 орын – Лисицына Анастасия
2 орын – Исмагамбетова Галия
3 орын – Тлеумбетов Саян
Барлық қатысушыларға рахмет!