2020 жылдың 8 қыркүйегінде Бауыржан Момышұлы атындағы №5 орта мектебінің мұғалімдер құрамымен және ата-аналар қауымымен ZOOM алаңында бейнеконференция өткізілді.
Бұл конференцияда тарих пәнінің мұғалімі Г.К.Нурушева сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауын нақтылау туралы баяндамамен. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы республиканың әрбір азаматы үшін маңызды оқиға болып табылады. Президенттің жолдауында көптеген өзекті мәселелер айтылды және оларды шешудің нақты жолдары ұсынылды.