Құрметті оқушылар!
Қадірменді ұстаздар мен ата-аналар!
Жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Біздің алғашқы күніміз, алғашқы қоңырау мерекесі, білім күніндегі алғашқы сынып сағаттары, бірінші тоқсан дистанционды форматта өтетініне қарамастан, біз қайтадан біргеміз және жаңа сынақтар мен жеңістерге дайынбыз!
Мектепте Білім күніне және оқу жылының басталуына арналған мереке онлайн форматта өткізілді. Қазақстандағы мектептегі білім беру тарихында алғаш рет білім күні отбасымен бірге ата-аналардың көмегімен өткізілді.
Іс-шара Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл, Тәуелсіз Қазақстан Конституциясының 25 жылдығына арналған. Саптық құрамнан кейін
1) «Біз денсаулықты таңдаймыз», «Денсаулық құпиялары»;
2) «Конституция беттері арқылы» (Тәуелсіз Қазақстан Конституциясының 25 жылдығына);
3) «Ұлы Абай», «Мен көп даналық сөздер айттым …», «Абай-дара, Абай-дана» (Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл) тақырыптары бойынша қашықтық форматта сынып сағаттары өткізілді.