Мәнерлеп оқу сайысы

Бүгін Б. Момышұлы атындағы №5 орта мектебінің кітапханасында кітапханашылар У. А. Кабдуллина, н. Н. Бибикованың ұйымдастыруымен мектептің 60 жылдығына орай 5,6,7,8,9 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Байқау ұйымдастырушыларының мақсаты: рухани, адамгершілік және эстетикалық қасиеттерді қалыптастыру, мектепке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Критерийлер бойынша бағаланды;
– мәнерлілік;
– анықтығы;
– қарқыны;
– интонация;
– әртістік;
– эмоциясы.
Барлығы 14 оқушы қатысты. Оқушылар тырысты, уайымдады, ең жақсы болғысы келді. Байқаудың қазылар алқасы әр қатысушыны өте жауапкершілікпен бағалады, мұқият тыңдады.
5 сыныптар арасында :1 орын –Садуакасов Алдияр 5 “б1”, 2 орын – Феданов Егор 5 “б1”, 3 орын – Семенов Егор 5 “а”, 8-9 сыныптар арасында: 1 орын – Ляпкало Полина 9 “б2”, 2 орын – Сармурзина Айнура 8 “а”.
Барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды. Осындай сайыстардың арқасында мектепте таланттар көбірек анықталады. Сайысқа қатысқаны үшін балаларға рахмет.