«Әдебиетке саяхат» атты интеллектуалдық сайысы
2 наурыз күні 8-ші сынып оқушылары арасында «Әдебиетке саяхат» атты интеллектуалдық сайысы өткізілді.
Бүгінгі «Әдебиетке саяхат» атты интеллектуалдық сайысы қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында өтті.
Сайыста 8-ші сынып оқушылары алты топқа бөлініп өз білімдерін көрсетті.
Оқушылар 4 сайыс бойынша білімдерін ортаға салды.
1.«Бәйге»
- «Сөздің көркі – мақал»
- «Өлең сөздің патшасы»
- «Портреттер сөйлейді» сайысы.
Байқау барысында оқушылар сұрақтарға жауап берді, мақал-мәтелдерді толықтырды, өлеңдерді мәнерлеп оқып, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін білдірді, жоғары білім деңгейлерін көрсетті. Оқушылар байқауға белсенді қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша:
8 «Д» сынып оқушылары жеңімпаз атанды.
8 «Б/1» сынып ІІ орын алды
8 «А» сынып III орынды иеленді.