24 қарашада Б. Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залында бесінші сынып оқушылары үшін маңызды салтанатты іс – шара өтті – “Бесінші сынып оқушыларына арнау!”. Мереке балаларға көптеген қуанышты эмоциялар мен жарқын әсерлер сыйлады. Оқушылар шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, өзіндік “Сынып визиткасын” назарға ұсынды. Мерекелік бағдарлама 5 “А”, 5″Б1″, 5″Б2″, 5″В”, 5″Г”, 5″Д” сыныптарының жас білім алушыларының жарқыраған би және вокалдық нөмірлеріне, сыныптың креативті тұсаукесерлеріне және музыкалық аспаптарда ойнауына толы болды. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және біздің жас бесінші сынып оқушыларына табыс тілейміз.