Ғарышты бағындырған батырлар

12 сәуірде, Юрий Гагарин адамзат тарихындағы алғашқы ғарыштық ұшуды жасаған күн, Космонавтика күні аталып өтеді. Әлемде бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының бастамасымен Халықаралық ғарышқа ұшу күні болып жарияланды. Биыл адамзаттың ғарышты игеруіне 60 жыл толады. Кітапханада «Ғарышты бағындырған батырлар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда мектеп оқушылары қазақстандық ғарышкерлердің өмірбаянымен танысты.